Экономика • Бүгін, 16:01

Пайдалы қазбалардың 103 түрі мен 10 мыңға жуық кен орны мемлекеттік есепке алынған

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда биыл инвесторларға барлауға 707 лицензия және пайдалы қазбаларды өндіруге 22 лицензия беріліп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Пайдалы қазбалардың 103 түрі мен 10 мыңға жуық кен орны мемлекеттік есепке алынған

Фото: Үкімет, телеграм

Бұл туралы Үкіметтің қорытынды баспасөз конференциялары сериясы шеңберінде минералды-шикізат базасын басқарудың ашықтығын арттыру туралы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан хабарлады.

Ол Президенттің тапсырмасы бойынша жүргізіліп жатқан саланы жүйелі жаңғыртудың нәтижесінде бүгінде пайдалы қазбалардың 103 түрі мен 10 мыңға жуық кен орны мемлекеттік есепке алынғанын атап өтті.

«Елімізде барлығы 2 907 лицензия және 251 қатты пайдалы қазбалар келісімшарты бар. Біз жер қойнауын тиімді игеру үшін геологиялық саланы жаңа технологиялық деңгейге көшіру бойынша жұмысты жалғастырамыз», деді вице-министр.

Соңғы жаңалықтар

Доллар бағамы арзандады

Қаржы • Бүгін, 18:00